Алматы қаласында өтетін Star of Asia Almaty.kz 2018 халықаралық музыка фестиваліне билет сату бағдарламасы аясында жүргізілетін ұтыс ойынын өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы мазмұны 

1.1.  Ұтыс ойыны (ары қарай – Шара)  Алматыда өтетін Star of Asia Almaty.kz  2018  халықаралық музыка фестиваліне (ары қарай – Фестиваль)  билет сатып алуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған. 

1.2.  Шара осы ережеге сәйкес өтеді (ары қарай ереже).

1.3.  Шара ұйымдастырушысы «A+A Idea Fabric» ЖШС (ары қарай – ұйымдастырушы), мекен жайы:  Алматы қаласы, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ даңғылы, 223 үй.  Шараны дайындау барысындағы ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды ұйымдастырушы атқарады.

1.4. Ресми билет сату операторлары– «KASSIR.KZ», zakazbiletov.kz, Meloman.kz Ұйымдастырушының атынан және оның тапсырысы бойынша жұмыс істейді. 

1.5.   Шара Қазақстан республикасының шекарасында жүзеге асады.

1.6.  Шараның ұтыс қоры  Фестивальдің ресми демеушілерінің есебінен алынады. 

1.7.  Ұйымдастырушыларға және олардың туыстарына, шараны ұйымдастыруға жұмыстарына араласатын қызметкерлер мен олардың туыстарына Ұтыс ойынына қатысуға тыйым салынады.

1.8. Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 9 сәуірінде «Лотерея мен лотереялық қызмет туралы» No 495-V Заңына сәйкес, Шара лотерея ойынына жатпайды. Тек  фестиваль билеттерін сатуға ынталандыруға бағытталған.   

1.9.  Шараны өткізу ережесі, ұтыс ойынының қорытындысы, сонымен қатар Шараға қатысты өзге де ақпараттар  www.starofasia.kz (ары қарай – Сайт) ресми сайтында жарияланады.

2.  Шараны өткізу уақыты мен ұтыс ойындарын өткізу орны 

2.1. Шара 2018 жылдың 16 маусымында фестиваль барысында өтеді. Ұтыс ойынына 2018 жылдың 16 мамыры мен 2018 жылдың 16 маусымы аралығында сатып алынған билеттер қатысады.

2.2. Ұтыс ойынына 2018 жылдың 16 маусымында сатып алынған билеттер қатысады. 

2.3.  Ұтыс ойынын өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат www.starofasia.kz. Сайтында жарияланады.

3. Шара қатысушылары 

3.1.  Шараға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, Республика азаматы саналатын және 2018 жылдың 16 маусымында өтетін Фестивальге билет сатып алған азаматтар қатысады. (Ары қарай-қатысушы)

3.2.  Қатысушы Шараға қатысу және өткізу Ережесімен түгел танысуы керек.

3.3. Қатысушы Шараға қатысуға қатысты мүмкіндігі мен құқығын үшінші адамға ұсына алмайды  немесе өзге де тәсілмен тапсыра алмайды.

3.4. Қатысушы Шараға қатысудан бас тарта алады.

3.5. Шараға қатысу барысында Қатысушы жеке басына қатысты деректерді Ұйымдастырушылар мен құпия мағлұматтарды жарияламау және оларды Шараға қатысы жоқ өзге мақсаттарға пайдаланатын үшінші адамға бермеу туралы келісім негізінде жұмыс істейтін белгіленген адамдардың өңдеуіне келісім береді. 

3.6. Шараға Қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген салық пен өзге де шығындар,  Қатысушыны тасымалдау шығыны сияқты төлемдерді жеке шотынан төлейді. Ұйымдастырушылар аталған шығындарды өтемейді және төлемейді.   

3.7. Шараға қатысу арқылы Қатысушы оның қосымша келісімінсіз және төлемсіз аты-жөні мен суреттерінің жарнамалық мақсатта пайдалануына келісім береді.

4. Жүлде қоры 

4.1. 2018 жылдың 16 маусымында ойнатылатын жүлделер: “A+A Idea Fabric” ЖШС атынан 2018 жылғы Toyota Сorolla  автокөлігі,  Tonus Club фитнесс клубының атынан 10 сертификат, Turkish Airlines атынан Стамбул-Алмат-Стамбул бағытындағы рейске бір билет және Түркияға бір адамға арналған жолдама. (далее – Приз).

5. Шараны өткізу реті мен жеңімпазды анықтау алгоритмі

5.1.  Аталған ережеде 4 бөлімде көрсетілген  Жүлде қорын ойнату Ережедегі 2.2 және 2.3 бөлімдерінде көрсетілген уақыт пен орында өтеді. 

5.2. Фестивальге шақыру билеттері мен нольдік баға бойынша сатып алынған билеттер, сондай-ақ  VIP ZONE #1 және  VIP ZONE #2 билеттері ұтыс ойындарына  қатыспайды. 

5.3. Ұтыс ойынын Ұйымдастырушылар бекіткен жүргізуші мен комиссия өткізеді.

5.4. Ұтыс ойындарын өткізу реті төмендегідей:
• концерттік бағдарлама басталмас бұрын «Медеу» мұз айдынына кіре берісте билетіңізді арнайы купонға айырбастайсыз. Купон – үзіледі және кездейсоқ коды бар.  Қатысушы купонды таңдайды да екінші бөлігін барабанға тастайды. Концерт барысында жүргізуші барлық жүргізушілер мен қатысушылардың көзінше қандай жүлде ойнатылатынын (4 бөлімде көрсетілген)  жариялайды және ұтыс ойынын өткізеді;
•.  Ары қарай жүргізуші қатысушылардың біріні купонды барабаннан алу мүмкіндігін ұсынады. Жүргізуші купонды көрсетеді және номерін жариялайды.

5.5. Ұтыс комбинациясы анықталған соң 5.4. бөлімінде көрсетілген іс-әрекеттер қайталанады. 

5.6. Ұтыс комбинациясы мен купон номері сәйкес келген Қатысушы ұтыс ойынының жеңімпазы атанады (ары қарай-жеңімпаз) және әр ойынның алдында айтылған жүлдені алу құқығына ие болады.

5.7.  Купонның ұтыс номерлері келесі ойыннан алынады.

5.8.  Ойын әділ өту үшін телеарналардан трансляцияланады. Ал оның сілтемесі Сайтта көрсетіледі.

6. Жүлде мен супержүлдені алу уақыты мен реті

6.1. Егер Қатысушы Ережеде көрсетілген тәртіп бойынша жеңімпаз атанса, төменде көрсетілген уақытта жүлдені алады: 

– Ередегі 2.2. бөлімінде көрсетілген жерде ұтыс ойынының қорытындысы жарияланған соң;

– Ұтыс ойыны өткен уақыттан 30 күнтізбелік күн өткен соң: Алматы қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 223 үй мекен жайы бойынша жүлдені алады.   

Жүлдені алу үшін Жеңімпаз Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын жеке куәлігін (немесе Қазақстан Республикасы азаматтығын дәлелдейтін өзге де құжатты) көрсетуі керек, сондай-ақ Ұйымдастырушының өтініші бойынша жүлдені алғаны туралы актке қол қою керек, Ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын жеке куәлігінің (немесе Қазақстан Республикасы азаматтығын растайтын өзге де құжаты) көшірмесін беру керек. Сондай-ақ, Жеңімпаз аталған құжаттардың көшірмесін берудің орнына, құжаттарының элекронды нұсқасын Starofasiaalmaty@gmail.com. Электронды поштасына жолдай алады.

6.2. Супержүлдені алу үшін Жеңімпаз «A+A Idea Fabric» ЖШС-не хабарласуы керек. 

6.3. Егер Жеңімпаз ұтыс ойынын өткізгеннен соң 30 күнтізбелік күннің ішінде жүлдені алмаса, Ұйымдастырушы жүлдені Жеңімпазға бермеу құқығына ие. 

6.4.  Жеңімпаз атанған Қатысушы Ережеде аталған тәртіпке сәйкес, жүлдесін алмаса, Жүлде Ұйымдастырушылардың меншігінде қалады және Қатысушыға берілмейді.

6.5. Жеңімпаз атанған Қатысушы Ережеде көрсетілген тәртіпке бағынбаса және 6.2 бөліміне сай құжатын ұсынбаса, онда ол Жүлдеден бас тартқан Қатысушы болып саналады және Жүлде Ұйымдастырушының меншігінде қалады. 

6.6. Жүлдені алған кезде ғана Жеңімпаз оның құқылы иесі атанады. Жүлдені алған уақыттан бастап оның бұзылуы немесе ескіруіне Жеңімпз жауапты болады. Ұйымдастырушы Жүлделерге қатысты ешбір кепілдеме бере алмайды.   

6.7. Жүлде мен Супер жүлде кері қайтарылмайды және ақшаға айырбасталмайды.

7. Ұйымдастырушының міндеті, құқығы мен Жауапкершілігі

Ұйымдастырушының құқығы:

7.1. Кез келген уақытта шараға қатысу шарты мен Ерженің 4 бөлімінде көрсетілген жүлделер саны мен атауын өзгертуге, өзгерту/түзетуді жүзеге асыруға 1 күн қалғанда Сайтқа жариялау арқылы Ережеге өзгерту енгізуге, Шараны өткізуден бас тартуға құқылы. 

7.2. Қатысушы Ереженің талаптарын орындамаса, оны Шараға қатыстырмауға құқылы.

7.3. Қатысушы Ереженнің талаптарын орындамаса, Ұйымдастырушы оның Шараға ары қарай қатысуына тыйым салуға құқылы.

7.4.  Ұйымдастырушы Жеңімпаздарды анықтау барысында заңбұзушылық әрекеттерді байқаса, онда ұтыс ойынының қорытындысының күшін жоя алады немесе қайта қарастыра алады.

7.5. Егер Қатысушы Ережеде көрсетілген тәртіпке сәйкес қажетті ақпараттар мен құжатын бермесе, онда Ұйымдастырушы оған Жүлдені беруден бас тарта алады. 

Ұйымдастырушының міндеті:
7.6. Ұйымдастырушы Ережеде көрсетілген тәртіпті орындауға міндетті.
7.7. Шараға қатысты өзгертулер немесе Қатысушыны  қатыстыруға тыйым салғаны туралы деректер  мен Шараны өткізуге қатысты өзге де ақпараттарды Сайтқа ақпарат жариялау арқылы Қатысушыға жеткізуге міндетті.

Ұйымдастырушының жауапкершілігі:

7.8.  Қатысушы айтқан жалған деректерге жауапты емес.

7.9.  Шараны өткізу тәртібі мен уақыты және оның қорытындысына қатысты Сайттағы ақпараттың бұрмалануына, сондай-ақ ақпаратты Сайтқа жариялау барысындағы келеңсіздіктер мен Ереженің 5.5. бөлімінде көрсетілген арнайы бағдарламаның бұзылуына жауапты емес.

7.10. Су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, әскери әрекеттер және Ұйымдастырушы тоқтата алмайтын өзге де жағдайларда өзінің міндеттерінің бұзылғанына жауапты емес. 

8. Өзге де шарттар 

8.1. Ұйымдастырушы Ережеде көрсетілген жағдайлардан бөлек, Қатысушымен хат алмасу немесе өзге тәсілдермен байланыс орнатудан бас тарту құқығына ие.

8.2. Ұйымдастырушы салық агенті емес, сондықтан Жүлде мен супержүлденің иесі атанған тұлғалар үшін бюджетке  міндетті төлемдер жасап, салығын төлемейді.

8.3. Шараны өткізуге қатысты арыз-талаптарын Қатысушы Алматы қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 223 үй мекен-жайы бойынша жолдай алады. Ұйымдастырушы Қатысушының талап-арызына қатысты шешімін арыз түскен сәттен соң  30 күнтізбелік күннің ішінде жариялайды.