Фестиваль туралы

«Star of Asia Almaty.kz» жыл сайынғы халықаралық музыкалық фестивалi

«Star of Asia Almaty.kz» жыл сайынғы халықаралық музыкалық фестиваль
Бұл – музыка мерекесі. Мерекеде оңтүстік астананың әрбір тұрғыны өзін музыкалық ритмнің бір бөлшегі ретінде сезінеді.

 

Он шақты музыкант пен музыкалық топ дыбыстар гармониясы және шығармашылық энергиямен қанаттандырып, ерекше көңіл күй сыйлайды. Жарық шоулары, фейрверктер, сан түрлі конструкциядағы сахна – фестивальдің ажырамас бөлігі болады.

 

Әлемдегі ең үлкен «Медеу» мұз айдыны ірі іс-шараны өткізуге арналған ерекше орын. 2018 жылдың 16-17 маусымында әлемдік деңгейдегі музыка шедеврлерін тыңдап, ашық аспан астында көңіл көтеріп, бой сергітуге дайын болыңыз. Масштабы мен ерекшелігі жағынан фестиваль атақты итальялық «Сан Ремо» ән байқауы мен поп-музыка орындаушыларының бағын сынайтын «Жаңа толқын» байқауынан кем түспейді.

Биыл ұйымдастырушылар әріптестік орнатуға, дәстүрлі әрі классикалық туындылардың жаңа үлгісін тыңдауға мүмкіндік беретін идеяны жүзеге асыруды көздеп отыр.

 

Фестивальдің бірінші күнінде үздік халық әндері мен күй, ұлы композиторлардың туындыларын тыңдауға болады. Бұл іс-шараның ерекшелігі – дәстүрлі ән орындаушылары, поп эстраданың өкілдері, топтармен бірігіп, тандемде ән айтады.

 

Фестивальдің екінші күнінде визуалды өнер өкілдері көрерменге жоғарытехнологиялық шоу ұсынады. Жаңа спецэффектілер мен музыкалық микс эксперименттері фестивальдің басты катализаторына айналмақ. Осылайша, меломендардың назарына қазақстандық және әлемдік әншілердің орындауындағы «опера+hip-hop», «ғарыштық джаз+электронды музыка» сияқты «музыкалық қоспалар» ұсынылады.

Фестиваль «Азия дауысы» музыкалық байқауының жалғасы іспеттес. «Star of Asia Almaty.kz» ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп, Алматының туған күніне арналған бірқатар іс-шаралардың бастауы болмақ.

 

Алғашқы  2017 жылы «Star of Asia Almaty.kz» халықаралық музыка мерекесі өтті. Фестиваль жыл сайын өтетін дәстүрлі іс-шараға айналды. Бір жыл бұрын халықаралық музыка мерекесіне қазақстандық орындаушылармен қатар Оңтүстік Корея, Түркия, Әзірбайжан, Үндістан, Өзбекстаннан әлемдік дәрежедегі әншілер қатысты. Еуропа, Азия және Американы қамтитын 118 елдің тұрғындары фестивальді тікелей эфирден көрді.

 

Ғажап та, жаңа дүниені көргіңіз келсе, міндетті түрде «Star of Asia Almaty.kz» фестиваліне келіңіз! Ерекше форматтағы фестивальдің бір бөлшегіне айналып, таңғажайып атмосфера мен сан қырлы эмоцияның куәсі болыңыз!