«Star of Asia Almaty.kz» жыл сайынғы халықаралық музыкалық фестиваль Бұл – музыка мерекесі. Мерекеде оңтүстік астананың әрбір тұрғыны өзін музыкалық ритмнің бір бөлшегі ретінде сезінеді.

 

Әлемдегі ең үлкен «Медеу» мұз айдыны ірі іс-шараны өткізуге арналған ерекше орын. 2018 жылдың 16-17 маусымында әлемдік деңгейдегі музыка шедеврлерін тыңдап, ашық аспан астында көңіл көтеріп, бой сергітуге дайын болыңыз. Масштабы мен ерекшелігі жағынан фестиваль атақты итальялық «Сан Ремо» ән байқауы мен поп-музыка орындаушыларының бағын сынайтын «Жаңа толқын» байқауынан кем түспейді.