Star of Asia Almaty.kz фестивалінің «Қызыл кілемі» қайда жетелейді?

Биыл бірқатар іс-шаралардың «Қызыл кілемі» көрерменге әлдебір маңызды ойды жеткізудің құралына айналды. Әлемдік жұлдыздар «Қызыл кілемге» өзін көрсету үшін ғана емес, көптеген оқиғаларға қатысты пікірін білдіруге талпынады.

 

Лос Анджелесте өткен «Алтын глобустың» салтанатты бөлімінде актерлер қара киім киіп, сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты дау-дамайға көзқарасын білдірді. «Грэмми» музыкалық сыйлығын табыстау рәсімінде жұлдыздар киімдеріне ақ раушан гүлін қадап шықты. Осылайша олар жұмыста сексуалды зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге қолдау білдірді..

 

16-17 маусымда Алматыда өтетін Star of Asia Almaty.kz фестивалі де жоғарыда аталған ірі іс-шаралардан кем емес. Қазақстандық әншілер мен АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан. Швеция, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Қырғызстаннан келетін хедлайнерлер тұрақты даму мақсатын көздейтін Global Goals шарасын қолдайды.

 

Тұрақты даму концепциясы әлеуметтік және табиғи жүйелерді тұрақтандыруда әлемдік ресурстар мен технологияларды тиімді пайдаланудың әлемдік тәсілдерін бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Star of Asia жұлдыздары флешмоб арқылы қаланың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия алудың қауіпсіз қолжетімді көздерін іздеуге үндейді. Егер әр елдің өкілі ірі музыкалық фестивальдің аясында біріксе, онда жер шарының әр бұрышында тұрақты даму жолдарын насихаттауда да жұмылған жұдырықтай еңбек етеді.

 

Еске сала кетейік, Алматы қаласында автобус парктерін экологиялық көлікпен қамтамасыз ету, экотаксиді енгізу, жаңа экологиялық инфрақұрылым жасау және қаланың жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.

 

Тұрақты даму ошақтары мен мақсаттарын қолдайтын әлемдік науқанды #GlobalGoals хэштегі арқылы бақылауға болады.